Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы қойылған.

Сондай-ақ дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік суретшілерінің картиналары және Тәжікстанның көрікті жерлерінің фотосуреттері де бар. 


Сурет: akorda.kz


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайында Рахмонды қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Тәжікстан
Рахмон Эмомали

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді