Дархан Қыдырәлі Қазақстанда мектеп оқушыларының орамал тағуы туралы айтты

Сурет: unsplash
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы мектептерінде хиджаб киіп жүруге бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, кейбір желі қолданушылары халықаралық тәжірибеде, әлемде бұл мәселе толығымен шешілгенін жазған. Оның пікірінше, бұл - жалған ақпарат. Өйткені, мысалы, Еуропа, Франция, Австрия сияқты дамыған зайырлы және демократиялық мемлекеттер хиджаб киюді белгілі бір жасқа дейін шектеген.

"Әрине, бұған рұқсат беретін елдер бар. Сондықтан бұл мәселеде халықаралық тәжірибенің екіұшты екенін көріп отырмыз. Әртүрлі мемлекеттердің өзіндік тұрақты бағыты мен тәжірибесі бар. Біздің де өз ұстанымымыз бар. Ол - Конституция мен зайырлылықты сақтау", - деді ол.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев мектептерде хиджаб кию туралы айтқан еді. Оның айтуынша, заң талабы бойынша барлық оқушылар сабаққа мектеп формасымен келуі керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды