Қазақстанда қандастар мен мигранттарды қабылдаудың аймақтық квотасы өзгереді

Сурет: Zakon.kz
Еңбек министрлігі 2023 жылға арналған қандастар мен мигранттарды қабылдаудың өңірлік квотасына түзету жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сай, 2023 жылға арналған қандастарға бөлінетін өңірлік квота 2287 адамға (қазіргі уақытта – 1925 адам) дейін артады. 2023 жылға арналған көшіп келушілерді қабылдаудың өңірлік квотасы 6 592 адамға дейін төмендейді (қазір ол 6 727 адам).

Жобаның негіздемесінде квота жергілікті атқарушы органдардың қажеттігіне байланысты өзгертілетіні айтылған. Жоба 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.

Қандастар мен кқшіп келушілер тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін ақшалай төлем алатынын бұған дейін хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті