Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сурет: gov.kz
Ерсін Өтебаев Астана әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа орынбасар тағайындалды, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ерсін Өтебаевтың мемлекеттік қызметтегі өтілі 11 жылдан асады. Мамандығы – инженер-құрылысшы, құқықтану. 2012 жылдан бастап "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ (Талдықорған қаласы) маманы, 2012 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы 15 ақпанға дейін – облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, "Алматы облысы әкімінің аппараты" ММ (Талдықорған қаласы) маманы болып жұмыс істеді.

Соңғы 8 жыл ішінде "Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ, "Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Ерсін Өтебаевтың алдына қаланы дамыту жөнінде бірқатар міндет қойды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін