Тоқаев Германияның Федералдық канцлерінің ведомствосына келіп жетті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерінің ведомствосына келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц қарсы алды.

Санаулы минуттардан кейін Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия канцлерінің кездесуі басталады. 

Бұған дейін Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары 2023 жылдың 28 қыркүйегінде басталды.

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапарының екінші күнінде ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.

Германия
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады