Орыс тіліне қатысты ұйым дербес халықаралық құрылымға айналады – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында елдер арасындағы көпжақты ықпалдастықта орыс тілі ерекше рөл атқаратынына тоқталды.

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселесіне айрықша мән берді. Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдер арасындағы көпжақты ықпалдастықта орыс тілі ерекше рөл атқаратынына тоқталды. "Биыл ТМД-да "Орыс тілі жылы" деп жариялануының символдық мәні бар" деді ол.


"Біз бүгін Орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы Шарт пен Жарғыға қол қою жөнінде тарихи шешім қабылдаймыз. Бұл ұйым дербес халықаралық құрылымға айналады, құқық субъектісі ретінде танылады. Жаңа ұйым барлық ел үшін ашық болады. Әрине, бұл – жаһандық гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан өте өзекті. ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейді. Қазақстан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді, – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді