Президент Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін айтты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты. Тоқаев форумға қатысушылардың назарын бірқатар өзекті мәселеге аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі Қазақстанның аграрлық секторын индустрияландыру мәселесіне тоқталып, үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру міндеті жүктелгенін айтты.

"Бұл міндетті орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортқа тәуелділігін төмендетуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Алдағы жылдары 115 тауарлы сүт фермасы салынады. Бұл сүт өндіру көлемін 600 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар жылына 120 мың тоннадан астам ет өндіретін 15 ірі құс фабрикасын пайдалануға берілетінін айтты.

"Алдағы бес жылда Қазақстанның агросекторында жалпы сомасы 2,7 триллион теңге болатын 900-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Озық халықаралық стандарттарға, соның ішінде "Халал" стандартына сай әрі бәсекеге қабілетті, экологиялық таза және экспортқа бағдарланған өнім шығаруға баса мән беріледі".Тоқаев
Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды