Тоқаев Ұлттық статистика бюросының жаңа басшысын тағайындады

Сурет: gov.kz
17 қарашада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық статистика бюросының жаңа басшысын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды.

Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "Экономика" мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі