Энергетика министрі өз орынбасарының қызметінен неге кеткенін түсіндірді

Сурет: primeminister.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 12 желтоқсанда Үкіметте өткен брифинг барысында өз вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың қызметінен кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер "Жандос Нұрмағанбетовтың қызметінен босатылуы өңірлердегі жылыту проблемаларымен байланысты ма" деген сұрақ қойды. 

"Менің орынбасарыма келетін болсақ, иә, ол басқа жұмысқа ауысу туралы шешім қабылдады. Оның бір айға жуық пайдаланбаған демалыс күндері болған. Сондықтан жұмыстан шығар алдында ол еңбек заңнамасымен белгіленген мүмкіндікті пайдалануды жөн деп тапты. Осы демалысы аяқталғаннан кейін ол бірден басқа жұмысқа ауысуды жоспарлап отыр", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол бұл жағдайдан қандай да бір астар іздеудің қажеті жоқ екенін айтты. 

"Қазір кандидатуралар қарастырылып жатыр, ол келісілгеннен кейін бұл туралы біз міндетті түрде хабарлайтын боламыз. Ол энергетика саласының кәсіби маманы болатыны сөзсіз", - деп сөзін түйіндеді Энергетика министрі.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді