Пойыздардың кешігуі ҚТЖ бастығын отставкаға жіберуге себеп болмай ма

Сурет: rail-news.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында "ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев пойыздардың үздіксіз кешігуін ескерсек, өз міндетін орындай алмай жүр ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Қарабаев мұнымен келіспей, 2023 жылы теміржол тасымалының өсімі 5% болғанын айтты. Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ басшысы қызметіне екі жыл бұрын келген.

"Кейінгі екі жылда қандай баға бересіз? Мен Көлік министрлігінің басшысы ретінде Қазақстан темір жолының қызметіне баға беріп, проблемалардың жылдар бойы қордаланып келе жатқанын, бірақ кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтамын. Ал ҚТЖ жүйелі түрде жұмыс істейді. Министрлікпен бірігіп шаралар қабылдап жатыр. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер".Марат Қарабаев

Ол вагон паркінің тозуы 60 %-дан, жолаушылар паркінің тозуы 50%-дан асқанын айтты. Сондықтан ҚТЖ жаңа вагондар сатып алады.

"Биыл жолаушылар паркінің 64 бірлігі сатып алынды. Жазда локомотив жетіспегеннен қиындық болды. Биыл 114 бірлік тартылатын локомотив сатып алынды. Бұл мәселелер жылдан-жылға шешіліп жатыр".Марат Қарабаев

Министр биылғы пойыздардың кешігуін ауа райының қалыпты болмауымен байланыстырады.

2023 жылдың 15 желтоқсанында қатты жел мен аяздың салдарынан Жамбыл облысында 20-дан астам пойыз кешігіп қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады