Жаңаөзеннің әкімі ауысты

Сурет: gov.kz
Жаңаөзен қаласының әкімі болып Жансейіт Қайнарбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 ақпанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына өз еркімен қызметінен кеткен Айбек Қосуақовтың орнына Жаңаөзен қаласының әкімі лауазымына жаңа кандидатураны ұсынды. Бұған дейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Жансейіт Қайнарбаев жаңа кандидат атанды.

Жансейіт Қайнарбаев Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "Тау-кен инженері" және "Экономика" мамандықтары бойынша оқыған, екі жоғары білімі бар.

Еңбек өтілі:

Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдап, Жансейіт Қайнарбаевқа тәжірибелі басқарушы ретінде сенім білдіретіндерін атап өтті. Нұрлан Ноғаев атқарылған жұмысы үшін Айбек Қосуақовқа алғыс білдіріп, жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін