Тоқаев газ саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешуді тапсырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, делінген Ақорда сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, Қашаған газын өңдеудің жаңа бағыттары, сондай-ақ газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту мәселесі жөнінде баяндалды.

Санжар Жаркешовтің айтуынша, "QazaqGaz" компаниялар тобы өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбырларын тартып, іске қосқан. Олардың құны 400 миллиард теңгеден асады.

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамту жұмыстары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, 11 өңірдегі 112 елді мекен газға қосылды. Нәтижесінде қосымша 213 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілді. Компания былтыр ішкі нарықтағы газ бағасын субсидиялауға 175 миллиард теңге бөлді. Сонымен қатар "QazaqGaz" ҰК" акционерлік қоғамы табиғи газды экспорттау және тасымалдау жөніндегі міндеттемелерін толық орындап отыр.

Бұдан бөлек, Президентке жаңа "Анабай" газ кен орнын пайдалануға беру, сондай-ақ газдың ресурстық базасын дамыту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Қабылданған шаралардың арқасында еліміздің ішкі нарығына газ жеткізу көлемі 19 пайызға ұлғайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген мәліметке сәйкес ұлттық компания ауа райы күрт суытып, газ тасымалдау жүйесіне шектен тыс жүктеме түскен кезде ішкі нарықтың сұранысын толықтай өтеп, тұрғындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз еткен.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды