Тоқаев Пәкістанның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариді Пәкістан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады.


"Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді: тағамдар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев