Қазақстанда босқын куәлігінің үлгісі бекітілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен босқын куәлігінің үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) (№ 1 сурет) тұрады.

Сурет: құжат скриншоты

Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады, мұқабасы көк түсті.

Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:

жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

Сурет: құжат скриншоты

Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

Босқын куәлігінің беттері "KAZ" ою-өрнегі" элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.

Бұйрық 2024 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Еңбек Министрлігі жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен қандас және ҚР азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін айқындау қағидаларын әзірлегенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: