Оның айтуынша, кейбір БАҚ беттерінде шетелдік елшіліктер қызметкерлері Лондондағы ақылы жолмен жүргенде ақы төлемегені туралы ақпарат пайда болды.
"Әрине, бұл тізімде Қазақстан елшілігі де бар болып шықты, қарызы да қомақты. Мен бұл деректер 2003 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңді қамтитынын баса атап өткім келеді. 2003 жылы британ астанасының орталығына кіру ақысы енгізілді. Қазақстан елшілігінің ғимараты Лондонның орталығында орналасқан. Ол арада ауаға бөлінетін зиянды шығарындылар көлемі өте төмен аймақ (ultra low emission zone) бар, жүргізушілер жұмыс күндері сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін және демалыс пен мереке күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін онда кіру үшін 15 фунт стерлинг төлеуі керек", - деді ол.
Смадияров елшілік қызметкерлерінің өз жұмысы аумағына кірген әрбір кезі үшін алым есептелгенін атап өтті.
"Шетелдік дипломатиялық корпустың ортақ пікірі бойынша, тек біздің елшілік қана емес, сонымен қатар Ұлыбританияда аккредиттелген басқа елшіліктер, соның ішінде Қазақстан да, бұл алым жергілікті салық болып табылады. Бұл айыппұл немесе тұрақ ақысы емес, бұл 1961 жылғы Вена дипломатиялық қатынастар конвенциясына сәйкес дипломаттар босатылатын салық түрі. Сонымен қатар, басылымдарда жарық көрген ақпарат осы алымды төлемеуге қатысты екенін тағы да атап өткім келеді, бұл жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдар емес", деп сөзін түйіндеді Смадияров.
Оның айтуынша, Қазақстан елшілігі Лондонның дәл орталығында орналасқандықтан сома көлемі өте қомақты.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Лондонға шет мемлекеттердің елшіліктері 145 миллион фунт қарыз болғандығы туралы ақпарат пайда болды. Қазақстанның берешек сомасы - 4 652 755 фунт, осылайша біздің ел қарыз елдер тізімінде тоғызыншы орында тұр.