Қазақстан Украина бойынша жаһандық Бейбітшілік саммитіне қатысады ма – СІМ жауабы

Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 3 маусымдағы брифинг барысында Қазақстанның 15-16 маусымда Бюргенстокта (Швейцария) өтетін Украина бойынша жаһандық Бейбітшілік саммитіне қатысатын-қатыспайтындығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Смадияров Қазақстанның бейбітшілік саммитіне қатысуы халықаралық іс-шаралар кестесін және осы мәселе бойынша еліміздің ресми ұстанымын ескере отырып қаралатынын айтты.

"Қазақстан тарихи тұрғыдан Украинамен де, Ресеймен де бірдей тығыз саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды қолдайды. Біз әрқашан барлық елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және БҰҰ Жарғысы қағидаттарын сақтауды жақтаймыз. Осы тұрғыда біз осы елдер арасындағы екіжақты қатынастар тұрғысынан шешілуі тиіс аталған қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін дәйекті түрде қолдаймыз", - деп толықтырды сөзін ол.

ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев 2024 жылғы 30 мамырда Қазақстанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын тағы да айқындап көрсетті. 

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі