Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан нашақорлықпен күреске айырықша мән береді

Сурет: akorda.kz
2024 жылы 19 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің белең алуына қарсы күреске қатысты ақпарат алу, үздік тәжірибелерді насихаттау бағытында Комиссиямен қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды.


"Сіздің миссияңыз өте маңызды. Біз мұны нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі ықпалдастықты дамыту үшін өте пайдалы деп санаймыз. Елімізде бұл мәселеге айрықша мән беріледі. Жуырда Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзімде есірткі өндірумен және оны халық арасында таратумен айналысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату тұрғысынан заңнаманы қайта қарау  қажет екенін айттым. Сіз Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының жетекшісі ретінде адамзат мүддесін көздейтін маңызды миссияны атқарып келесіз. Қазақстан Комиссиямен белсенді қарым-қатынас жасауға дайын", – деді Президент.

Өз кезегінде Александр Квасьневский  есірткіге қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар мен шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Квасьневский  есірткіге тәуелділіктің алдын алу және есірткіні заңсыз таратуға қарсы күресу үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға  уағдаласты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті