Түркі мемлекеттері халықаралық аралас тасымалдарды жеңілдетеді

Сурет: pixabay
Сенат депутаттары 2024 жылғы 20 маусымда палатаның жалпы отырысында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық аралас жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатты Сенат депутаты Амангелді Нұғманов ұсынды. Ол келісімнің мақсаты түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту болып табылатынын хабарлады.

"Келісім темір жол, су және автомобиль көлігінің заманауи жүйелерін дамытуға, пойыздардың кедендік рәсімдерден өтуін жеделдету үшін алдын ала ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге, сондай – ақ жүктерге қатысты цифрлық технологияларды енгізуге ықпал етеді", - деп атап өтті сенатор.

Заң халықаралық аралас тасымалдау рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында автокөлікпен, темір жол және теңіз көлігімен орындалатын жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі