Тоқаев: Отандық журналистика мықты қоғамдық институтқа, нағыз төртінші билікке айналды

Фото: akorda.kz
2024 жылғы 27 маусымда БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы отандық журналистиканың деңгейіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев жаңадан қабылданған "Масс-медиа туралы" заң ақпараттық дербестікті нығайтады деген пікірде.

"Өздеріңізге мәлім, жуырда мен "Масс-медиа туралы" заңға қол қойдым. Өте маңызды құжат. Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген деп айтуға болады. Бұл құжат еліміздегі масс-медианың әлеуетін арттыра түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді",- деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса депутат пен журналист қызметі бір-бірімен тығыз байланысты екенін, екеуі де ел мүддесі үшін қызмет атқаратынын айтты.

"Жалпы, депутат пен журналист қызметі бірі-бірімен тығыз байланысып жатыр. Екеуі де ел мүддесін қорғайды. Халық сенімін арқалап, оған мүлтіксіз қызмет етеді. Қазір депутаттар корпусы мен масс-медиа өкілдері үйлесімді жұмыс істеуде. Журналистер қауымы ұлттық парламентаризмді дамытуға қашанда зор үлес қосып келеді. Қазіргі депутаттар құрамында ақпарат саласының өкілдері жеткілікті. Атап айтқанда, Нұртөре Жүсіп, Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Сергей Пономарев, Жанарбек Әшімжан, Бибігүл Жексенбай, Айгүл Қапбарова секілді әріптестеріңіз көпшілікке белгілі. Ұлт мүддесін қорғап жүрген журналистердің Парламент төрінде отыруы – заңдылық".

Сондай-ақ, Президент Әкімшілігінде де журналистер қауымы аз емес екендігін атап өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстанда БАҚ қызметкерлері күні 28 маусымда тойланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды