Ғиззат Байтұрсынов Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Сурет: Instagram/gizzatbaitursyn
Енді Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметін Ғиззат Байтұрсынов атқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 15 шілдеде ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкентте дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д. А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған. 2019 жылы "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде жұмыс істеді. 2020-2023 жылдары-цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ЦДИАӨМ электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты