Қазақстанда ұялы байланыс пен интернеттің бағасы көтерілді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың 1 тамызында тауарлар мен қызметтердің бағасы қалай өзгергені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы шілдеде айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы маусымда – 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.

Бағаның өсуі ұялы байланыс үшін 11,5%, интернет-байланыс қызметі бойынша 6,8% өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5% қымбаттады.

Ағымдағы жылдың шілде айында баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.

Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп – 7,5%, пияз – 7,3% өсті. Темекі өнімдері – 3,8%, минералды су 1,6% өсті.

Бір ай ішінде арзандаған тауарлар ішінде қызанақ бағасы 18,2% төмендеді, тәтті бұрыш – 11,2%, қызылша – 6,3%, қияр – 5,8%, сәбіз 2,1% арзандады.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында – 1,3% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төмені Қостанай облысында – 0,2%.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Павлодар облысында – 1%, азық-түлік емес тауарлары бойынша Түркістан облысында 2,1%, ақылы қызметтер бойынша Жамбыл облысында – 4,4%.

2024 жылғы шілдеде жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 14,5%, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 7,3%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.

2023 жылғы шілдесімен салыстырғанда тарифтер су бұруға 42,7%, суық суға – 36,5%, орталық жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31%, ыстық суға – 29,6%, қоқыс шығаруға 25,1% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері 11,4%, байланыс қызметтері 10,7% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы 59,4%, белсендірілген көмірге – 32,1%, хилак фортеге – 25,4%, парацетамолға 19,8% өсті.

Банан – 29,9%, жүзім – 26,6%, қияр – 23,5%, зәйтүн майы 20,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде пияз 34,8%, қарақұмық жармасы – 22,1%, күнбағыс майы – 20,8%, қырыққабат 19% арзандады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты