Бағдат Мусин Павел Дуровпен не туралы келіскенін айтты

Сурет: Instagram/ bagdatmussin, Telegram/durov
"Қазақтелеком" АҚ басшысы Бағдат Мусин Павел Дуровпен кездесуде не туралы келіскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мусин елімізде Telegram мессенджерін 8 млн адам тұрақты түрде пайдаланатынын атап өтті.

"Жақында Telegram компаниясының басшылығымен кездестім. Павел Дуровпен транзиттік операторларсыз желілер арасында тікелей трафик алмассу жөнінде келістік. Бұл абонеттеріміз үшін қызметтің сапасын ғана емес, сонымен қатар сервистің Қазақстандағы жұмысын да жақсартатынына сенімдімін",- деп жазды Мусин 7 тамыз күні Instagram-дағы парақшасында.

Оның сөзінше, Telegram желісімен тікелей байланыс отырып, Telegram мамандарымен бірлескен жұмыстарды аяқтады. Бұл бізге желілер арасындағы деректерді анағұрлым жылдам, әрі аралық операторларсыз тасымалдауға мүмкіндік береді.

"Тікелей байланыс бізге Telegram серверлеріне деректерді беру кезінде кідіріс уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, бұрын Астанадан Еуропаға дейін кідіріс шамамен 85 милисекунд болса, қазір ол 75 милисекундқа дейін қысқарды. Түрлі аймақта бұл көрсеткіш әртүрлі. Бұл Қазақстандағы пайдаланушылар контентке енді тезірек қол жеткізіп, Telegram арқылы ақпарат алмаса алады деген сөз. Ең бастысы тарифті қазір толығымен басқарамыз. Байланыс 100 Гбит/с деңгейінде орнағандықтан, енді бізде сыйымдылықтың үлкен қоры бар". Бағдат Мусин

2024 жылдың маусым айының соңында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келді. Кейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сапардың мақсаты туралы айтып берді. Сапар қорытындысы бойынша Дуров еліміздің сұлулығы мен амбициясына тәнті болғанын атап өтеміз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты