Кездесу барысында Бақаев Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойыша екі мемлекет үшін маңызды мақсатты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мохаммад Ур Рехман Рахманиді Ауғанстанның ҚР-дағы Сенімді өкілі ретінде аккредиттегенін мәлімдеді.
Ауғанстанның аймақтық қатынастарға белсенді араласуы ел экономикасын қалпына келтіруге, ауған халқының жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты, сондай-ақ аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосымша жағдай жасайды.
Сурет: gov.kz
"Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету және күрделі гуманитарлық мәселелерді шешу үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді жақтайды. Осы мақсатта Қазақстан Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құруды ұсынды". ҚР СІМ баспасөз қызметі
Сурет: gov.kz
Айта кетсек, 2024 жылы 3 маусымда Президент қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту екенін баса атап өтті.