Президент мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті екенін айтты

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн, деді президент.

"Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бәрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті." Қасым-Жомарт Тоқаев

Енді Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр мәселесіне қатысты жұмысын толық автоматтандыруы керек, - деп атап өтті президент.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент-Жолдауы-2024

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді