Су тасқыны Қазақстандағы жолдарға қандай шығын келтірді

Көлік министрі Марат Қарабаев 2024 жылғы 24 қыркүйекте Үкімет отырысында республикалық жолдарда су тасқыны салдарынан жол жиектері мен жол төсемі зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер су тасқыны салдарын жою үшін жолдар мен құрылыстардың бүлінген учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

"Республикалық жолдардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі зардап шекті. Залал сомасы 8,5 млрд теңгені құрады. Қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру толық көлемде қарастырылған. Қазіргі уақытта республикалық бюджет есебінен 102 учаскедегі жұмыстар толығымен аяқталды. Қалған 20 учаскедегі жұмыстар Қазақстанның Даму Банкінің қаражаты есебінен жүргізілуде", – деді Қарабаев.

Оның айтуынша, бұл учаскелер құрылыс маусымының соңына дейін аяқталады.

"Жергілікті жолдар бойынша 10 өңірде 414 учаскеде жол жиектері мен жол төсемінің шайылуы, жер төсемінің, құрылыстардың қирауы және т.б. сияқты шығындар тіркелді,. Жергілікті бюджет есебінен 233 учаскені қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Қостанай облысында 35 учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша 88 учаскені қалпына келтіруге Үкіметтің төтенше резервінен 29 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар құрылыс маусымының соңына дейін аяқталады", — деді Қарабаев.

Сондай-ақ, ол Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Үкіметтің резервінен 26 учаскені қалпына келтіруге 1 млрд теңге сомасында қаражат бөлу үшін есептеулер дайындағанын және қазіргі уақытта қаулы жобасы министрлікке жіберілгенін айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: