Тоқаев бір топ педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын тапсырды

Сурет: Ақорда
Ақордада ұстаздар күніне орайластырған жиын соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шарада Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ағыбай Нұғыманов, Ақтөбе қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Наталья Пеннер сөз сөйледі, делінген Ақорданың Telegram арнасында.

Айта кетсек, елімізде алғаш рет педагогтерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы 2021 жылы берілді. Сол кезде Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды. "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады.

2023 жылы осы атаққа ие болған ұстаздар тізімімен мына арадан танысуға болады.


Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды