Өскеменнің экс-әкімі кеңесші болып кетті

Сурет: Instagram/Жаксылык Омар
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың кеңесшісі болып тағайындалды.

Ал оның орнын басқан, яғни Өскемен қаласының жаңа әкімі Алмат Ақышов облыс орталығы өзіне жақсы таныс екенін айтты.

"Осылай толқымағалы көп болыпты. Бұл қала мен үшін бөтен емес. Бала кезден осы жерде өстік. Қаланы білемін, жақсы көремін. Алда тұрған мақсат-мүдделер де айқын. Сенімдеріңізге рақмет! – деп жазады оның сөзін келтіріп altainews.

2024 жылғы 27 қарашада Жақсылық Омар өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Өскемен қаласының әкімі лауазымынан босады. Бүгін, 11 желтоқсанда Алмат Ақышов қаланың жаңа әкімі болып тағайындалды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі