Қазақстанда автомобиль және теміржол көлігімен бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Фото: Zakon.kz
Энергетика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қаржы министрі және Ішкі істер министрі "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығына тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобильмен тасымалдауға тыйым салу енгізілсін", – делінген мәтінде.

Ерекшелік мыналарды экспорттау болып табылады:

Бұдан басқа, мыналарды қоспағанда, мұнай өнімдерін теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынады:

Бұйрық 2025 жылдың 29 қаңтарында күшіне енді.

Энергетика министрлігі бұл шаралар елдің ішкі нарығында жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін қабылданғанын түсіндірді.

БАЭ
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі