Тоқаев Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беруге қатысты құжатқа қол қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі мемлекет арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім 2024 жылғы 25 наурызда Астанада жасалды.

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімге сәйкес тараптар бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған адамдарға қатысты жазаны немесе оның жазасының қалған мерзімін өз мемлекетінде одан әрі өтеу үшін бір-біріне сотталған адамдарды беруге міндетеледі.

"Қазақстан тарапынан сотталған адамдарды беру туралы шешімнің орындалуына жауапты құзыретті орган ретінде – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы белгіленеді. Келісімде сотталған адамдарды беру және одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген".

Сотталған адамдар келесі шарттар сақталған кезде беріледі: 

Жалпы, Қазақстан 20-дан астам елмен сотталған адамдарды беру туралы келісім жасаған. Олардың ішінде Үндістан, Түркия, Иран, Израиль, Италия, Испания, Венгрия және т.б. бар.

Бұған дейін бүгін Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдағанын жазғанбыз

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды