Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Қазақстандағы Апостолдық нунциатурасына барды

Сурет: ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қасиетті Тақтың Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциатурасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Палата cпикері Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты Апостолдық нунци Джордж Джордж Панамтундилге және барлық католиктерге көңіл айтты.

Мәулен Әшімбаев көңіл айту кітабына жазба қалдырып, понтификтің әділеттілік пен мейірімділік қағидаттарын дәріптеуге және діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ Сенат спикері Рим Папасы Францисктің 2022 жылы Астанаға жасаған апостолдық сапары және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуы тарихи оқиғаға айналғанына назар аударды.

Палата төрағасы нунцимен сұхбат барысында понтифик Қазақстанды "әралуандықта бір-бірін тыңдап, құрметтейтін кездесулер елі" деп атағанын тілге тиек етіп, оның біздің ел туралы айтқан сөздерін қазақстандықтар әрдайым ерекше ықыласпен еске алатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы понтификті гуманизмнің, әділеттіліктің және мейірімнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға және бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы екенін айтқан еді.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты