Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения Парламенті Спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.

Мемлекет басшысы Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі ретінде атады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде қазақ-армян қарым-қатынасы көптеген бағыт бойынша жоспарға сай дамып келеді. Бұған тұрақты саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар ықпал етіп отыр.

Ален Симонян қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына шынайы ықыласын жеткізді. Ол екіжақты диалогтың басты тетіктерінің бірі ретінде парламентаралық ықпалдастықты нығайту мен сенімді саяси серіктестік орнатудың мәні зор екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Ұлттық жиналыс төрағасы Армения Республикасының Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға ықпал ететін нақты шараларды қолға алу керек.

Армян тарапы орайлы сәтті пайдалана отырып, Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ален Симонян екі елдің әл-ауқаты мен өрлеуі жолында қазақ-армян қарым-қатынасын жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растады.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды