ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Сурет: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Арман Исетов 1975 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін 1998 жылы тәмамдаған . Үш тілді - қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген

Ол 1998 – 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.

Бұған дейін Президент жарлығымен Арман Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылған еді.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды