Президент этносаралық және дінаралық келісім тәжірибесін атады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 17 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысында Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда мол тәжірибе жинақтағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан аумағы ежелден мәдениеттер тоғысқан, түрлі өркениеттердің өзара байытатын ортасы болғанын атап өтті.

"Қазақ жерінде әлемдік діндер мен түрлі конфессиялар алмасып, бейбіт қатар өмір сүрді. Бүгінгі Қазақстанда да біз осы дәстүрді сақтау мен дамытуға бар күшімізді салудамыз", – деді ол.

Президенттің айтуынша, еліміз этносаралық және дінаралық келісімді нығайтуда мол тәжірибеге ие. Сонымен қатар ол қазақстандық этникалық және діни толеранттылық үлгісінің негізінде әмбебап қағида – алуандылықтағы бірлік жатқанын баса айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті орындарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

"Қасиетті жерлер түрлі дін өкілдерін біріктіріп, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани жалғастықты сақтайды. Сондықтан біз үшін олар тек сәулет пен мәдениет ескерткіштері ғана емес, халқымыздың бейбітшілік, өзара құрмет пен мәдени әртүрлілігінің символы болып саналады", – деді Президент.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысы басталды. Бұл форум мазмұндылығы жағынан тарихтағы ең ауқымдысы болмақ. Астана осы күндері 60 елден келген 700-ден астам меймандарды қабылдап отыр.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды