Тоқаев діни лидерлерді бейбітшілік елшілері деп атады

Сурет: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 17 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысында рухани дипломатияның маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда әлемде сын-қатерлер күшейіп, халықаралық жағдай ушығып отырғанын айтты. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар саны артып келеді.

"Өзгермелі кезең ешкімге оңай соқпайды. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты барған сайын күрделене түсуде. Дегенмен біз өткеннен дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз қажет. Ынтымаққа балама жоқ. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі съездің мәні ерекше: діни көшбасшыларды бейбітшілік елшілері деп атауға болады. Сіздер ортақ игілік жолында бірігіп, әлемдік қауымдастықты ізгі істерге жұмылдыруға ниеттісіздер", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев этникалық және діни толеранттылықтың сырын ашқан болатын.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады