Ержан Қазыхан қызметінен босатылды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістерді жалғастыруда. Бүгін, 2025 жылғы 26 қыркүйекте ол Ержан Қазыханды мемлекет басшысының көмекшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Ал мемлекет басшысының келесі Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Ержан Хозеұлы Қазыхан - 1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

Тарих ғылымдарының кандидаты.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

"Құрмет" (2011), "Парасат" (2016), III, ІІ дәрежелі "Барыс" (2021, 2024) ордендерімен, ҚР Президент Әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төс белгісімен (2014) марапатталған.

Қазақстанның сыртқы саясаты мен көпжақты дипломатиясы бойынша бірқатар мақалалардың авторы.

Ағылшын және араб тілдерін меңгерген. Үйленген, 2 баласы бар.

Ал Мемлекет басшысының келесі жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік