Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады.

Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды.

Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және Премьер-министр, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

БАЭ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді