Энергетика министрінің жаңа бұйрығы: кейбір мұнай өнімдерін әкетуге шектеу жеңілдетілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкету тәртібіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге теміржол көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынған, бірақ бұл шектеу жеңіл дистилляттар мен жоспарға сәйкес бензинді әкетуге, сондай-ақ Үкімет шешімі бойынша гуманитарлық көмек ретінде мұнай өнімдерін жөнелтуге қолданылмайды.

Бұйрық 2025 жылғы 3 қарашадан бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін — 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрықпен алты ай мерзімге автокөлікпен бензин, дизель отыны және жекелеген мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынған болатын. Бұл тыйым майлау майларын, сондай-ақ зауыт өндіруші көздеген көлік құралдарының отын бактарындағы отынды, авиациялық отынды ғылыми-зерттеу және сынақ мақсатында әкетуді және гуманитарлық көмек ретінде жөнелтуді қамтымайды.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттар, авиакеросин, дизель отыны, толуол, ксилол және мұнай битумын әкетуге де тыйым салынған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды