Алматыда тұрғын үй аудандарындағы жарықтандыру мен қоғамдық кеңістікті дамыту жалғасуда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданында болып, сәулеттік-декоративтік жарықтандыру және көркейтуге арналған жаңа нысандарды қарап шықты.

Алғаш таныстырылған жоба – Шұғыла шағынауданындағы "Арбат – Ұлықбек" жаңа жүргіншілер аймағы. Бұл жоба көркейтуге арналған бюджеттік бағдарламалар (ХҚБ) аясында іске асырылып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік жасауға бағытталған.

Жобаның негізгі сипаттамалары:

Қала әкімі осындай жергілікті қоғамдық кеңістіктерді дамыту маңызды екенін атап өтті:

"Мұндай аумақтар тұрғындар үшін демалыс пен серуен, кездесу мен қарым-қатынастың жайлы әрі қауіпсіз ортасын қалыптастырады. Біз қаланың әр ауданын кезең-кезеңімен көркейтуді жалғастырамыз", – деді Дархан Сатыбалды.

Келесі нысан – Шұғыла тұрғын үй кешеніндегі сәулеттік-декоративтік жарықтандыру. Бұл жұмыстар қасбеттерді жарықтандыру бағдарламасы аясында жүргізілген. Сонымен қатар, Алатау және Сабденов көшелері бойындағы тоғыз тұрғын үй жарықтандырылды. Қолданылған энергия үнемдейтін заманауи жабдықтар қасбеттер мен аула аумақтарын біркелкі жарықтандыруға мүмкіндік береді, бұл түнгі қауіпсіздікті арттырып, жаңа тұрғын аудандардың эстетикалық келбетін жақсартады.

Сапар соңында қала әкімі Райымбек даңғылы бойындағы "Нұрлы Дала" тұрғын үй кешенінде болды. Мұнда қасбеттік жарықтандыру толық аяқталған, сегіз тұрғын үйді қамтиды, электр қуатын үнемдейтін және жүйелердің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін тиімді технологиялар қолданылған.

Дархан Сатыбалды қалалық кеңістіктің эстетикасы тұрғындардың жайлылығының маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті:

"Біз инженерлік инфрақұрылыммен қатар, аудандардың сыртқы келбетіне де назар аударамыз. Қасбеттік жарықтандыру қаланы заманауи етеді және кешкі Алматыны жандандырады".

Аралау барысында қала әкімі аудандарды кешенді көркейтуді жалғастыруды, жобалардың сапасы мен мерзімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ жарықтандыру жүйелерінің техникалық жағдайына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Қазақстан
Сатыбалды Дархан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?