Жапония Премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Сурет: akorda.kz
Жапонияға ресми сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Токио қаласында Жапония Премьер-министрінің офисінде салтанатты қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Рәсім барысында Құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан мен Жапонияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Сурет: akorda.kz

Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді.

Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония тарапының өкілі Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сурет: akorda.kz

Сапар аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауы жоспарланып отыр.

Қазақстан
Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды