Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады

Сурет: Ақорда
Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды. Сүйінші ақпаратпен 2025 жылы 23 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды.

Сурет: Ақорда

"Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда "Заң мен тәртіп" және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін тағайындаған болатын.

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды