Әсет Ерғалиев қосымша жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Сурет: gov.kz
Әсет Ерғалиев ҚР президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", делінген 2026 жылғы 2 ақпандағы Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әсет Ерғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген.

2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітіріп, экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін Лондондағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы ретінде еңбек еткен.

2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Бұған дейін Мемлекет басшысының 2026 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР президенті әкімшілігі жанынан Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын.

Қазақстан
Ерғалиев Әсет
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды