Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, делінген 2026 жылғы 13 ақпандағы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды.

Елші президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты.

Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды.

Бұған дейін АҚШ елшісі журналистермен болған кездесуде Алматыдағы консульдық ғимаратының құрылысына қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды