Тоқаев: Жылу және электр стансаларын жаңарту еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді

Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымын модернизациялау бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтты.
"Үкімет коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды кең ауқымда модернизациялауға кірісті. Жұмыс істеп тұрған 37 жылу электр стансасы жөнделді, кейбіріне жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларына тездетіп жаңа жылу электр орталықтарын салу міндеті қойылды. Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы бу-газ қондырғылары базасында жаңа электр станциялары іске қосылмақ". Президент

Президент атап өткендей, биыл 440-тан аса қосалқы станция жаңғыртылып, 17 мың шақырымнан астам электр желісі жаңартылмақ.

"Қазақстанды қуат көзімен жеткілікті қамтамасыз етудің және экономиканы әртараптандырудың басты факторы ретінде атом энергиясы өндірілмек. Еліміздің азаматтары 2024 жылы өткен референдумда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Бейбіт атом, сондай-ақ таза көмір өндірісі – еліміздің энергетикалық дербестігін қалыптастыратын сала", – деді Президент.

Тоқаев сөзінше, жобалар елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, электр қуатын тұрақты жеткізуге және экономиканы әртараптандыруға бағытталған.

"Энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту – еліміздің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты