Мемлекет басшысы бу-газ қондырғысының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 21 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары барысында өңірдегі энергетика саласының дамуына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Кентау жылу энергия орталығын жаңғырту жұмыстарына бөлінген қаржының ауқымына назар аударып, 70 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген орталықты жаңғырту маңызды екенін атап өтті.

"Облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету қажет. Жұмыс созылып кетті. Үкімет пен "Самұрық-Қазынаға" осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі өндіріс кәсіпорындарының ашылып, жүздеген адамның жұмыспен қамтылып жатқанын атап, бұл ел ішінде атқарылып жатқан нақты жұмыстың көрінісі екенін жеткізді.

"Мен әрдайым айтып жүремін: аймақтарымыз қуатты болса, мемлекет те мықты болады. Сондықтан өңірлердің экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту мемлекеттің басты назарында тұратын стратегиялық мақсат болып қала бермек", – деді мемлекет басшысы.
Қазақстан
Түркістан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады