БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде өткенін атап өтті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында БҰҰ өкілдері Қазақстанда өткен Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Мемлекет басшысының пленарлық отырыста жасаған мазмұнды баяндамасын оң бағалады. Олардың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар пікірталасқа негіз болып, Қазақстан ұсынған идеялардың өзектілігін айқын көрсетті.

Кездесуге қатысушылар өздері басқаратын ұйымдардың қызметі туралы ақпарат беріп, климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі, апаттардың қаупін азайту және азық-түлік тұрақтылығы бағыттарында іске асырылып жатқан жобалармен таныстырды.

Әңгіме барысында Қазақстанның жаһандық бастамаларына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру идеясын көтергенін атап өтті. Сондай-ақ ол Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі орталығы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Президент Қазақстанның орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеу жолында БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды