Қазақстанда "жасанды жаңбыр" жобасы іске қосылады

Фото: pixabay
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) су тапшылығын шешу мақсатында "жасанды жаңбыр" жобасын іске қоспақ.

Бұл туралы 2026 жылғы 15 мамырда Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі берген мәліметке сай, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады.

Сурет: akorda.kz

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы жаһандық ынтымақтастықты ілгерілетуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы мен Ұйым жетекшісі Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие климат мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасу өте маңызды.

Президент Қазақстан тарапының БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен өзара байланысты арттыруға дайын екенін растады.

Бұдан бөлек, өңірлік және жаһандық деңгейдегі су қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару мәселелерін шешудің өзектілігіне мән берілді. Бұл ретте Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңызы айрықша.

Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге су қоймаларын толтыру және ауыл шаруашылығы жерлеріне су жеткізу мақсатында жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын бастаманы жүзеге асырады. Аталған жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.

Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ.

Қазақстан
Түркістан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы