Мемлекет басшысы зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтіні 2026 жылы 16 мамырда Ақорда сайтында жарияланды.

"Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында қаулы етемін:

Мәдениет, білім беру және инновациялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып мыналар айқындалсын:

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  1. халықтың әртүрлі санаттары, оның ішінде балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың орнықты дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етсін;
  2. жаңа форматтағы кітапханалар, көпфункционалды қоғамдық кеңістіктер құруды, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистер ендіруді қоса алғанда, оқырман инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз етсін;
  3. ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттауды, оның ішінде туындыларды сапалы аудару, басып шығару, оқырмандардың кең ауқымды аудиториясына тарату арқылы қамтамасыз етсін;
  4. 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін "Жылдың 10 оқырманы" республикалық жобасын іске асыруға кіріссін;
  5. жасанды интеллектіні дамыту жағдайында 2026 жылдың соңына дейін Кітап оқу мәдениетін және кітап ісін насихаттаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған "Зерделі ұлт" тұжырымдамасын (бұдан әрі – "Зерделі ұлт" тұжырымдамасы) бекітсін;
  6. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін "Кітапхана және кітап шығару ісі туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасын әзірлесін;
  7. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындасын;
  8. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құрсын;
  9. жыл сайын "Зерделі ұлт" тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп берсін".

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін президент Astana LRT жұмысын іске қосқаны хабарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Астанадағы LRT жүйесімен қатынау үшін 001 сериялы карта берілді.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі