Бүгін, 2026 жылғы 13 маусымда партия съезінде Азат Перуашев "қажырлы және табысты жұмыс істеген жылдары үшін" алғыс білдірді.
"Партияға төрағалық етуіме 15 жыл толуына байланысты білдірген құттықтауларыңыз мен үшін соңғы жылдары ойлап жүргенімдей, шешім қабылдауымда маңызды белгі болды. Кез-келген прогрессивті көшбасшылық, егер мезгіл-мезгіл оны жаңартып отырмаса, монополияға айналады. Ал монополия оперативті идеяларға жол бермейді, басқалардың бастамаларын тұншықтырады, көшбасшыға табынушылыққа айналады... Егер адам өмірінің бір бөлігін арнаған істің дамуы мен өсуіне шынымен де ынталы болса, ол дер кезінде барлығына алғыс айтуы керек", – деді ол.
Сонымен қатар, Перуашев атап өткендей, "бүкіл ел тек саясатта ғана емес, экономикада, технологияда және ойлау тұрғысында жаңа дәуірге қадам басып жатқан кезде осындай өзгеріс керек".
"Өміршең саяси ұйым бүкіл ұлтпен бірге дамуға дайын болуы керек. "Ақ жол" демпартиясы біздің мәдениетіміз бен құндылықтарымызға жат идеялар мен іс-әрекеттерге қарсы тұратын өзіндік иммунитеті барын бірнеше рет дәлелдеді. Ол жағдайлар туралы өздеріңіз жақсы білесіздер. Сол сияқты партияның уақытпен қатар жүріп, жаңа оң өзгерістерді қабылдауға қабілетті болуы да маңызды", - деп атап өтті депутат.
Оның айтуынша, "біз өзгерістер алдында тұрмаймыз, қазірдің өзінде бүгінгі шындықты өзгертетін оқиғалар ағынындамыз".
"Монополия бұған кедергі келтіруі мүмкін. Монополияға қарсы ең жақсы дәрі - басшылықтың мезгіл-мезгіл ауысып отырғаны. Сондықтан, жаңа идеялар мен импульстарды тежемеу үшін мен партия төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым", – деп түсіндірді Перуашев.
Бұған дейін Азат Перуашев "Ақ жол" партиясы төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын жариялап, өз орнына Дания Еспаеваны ұсынғанын жазған болатынбыз.