Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 19 маусымда бірқатар заңға қол қойды. Онда жануарлар дүниесіне, Қылмыстық, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерге, телекоммуникациялар нарығына қатысты бірқатар заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулер қамтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ президент "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны да хабарланады.

Бұған дейін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездескен болатын.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде түркі әлемінің бірлігі туралы айтты

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды