Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеп, сапарға қатысты бірқатар мәлімет пен оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді жариялады.
Сурет: akorda.kz
"Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды", – деп жазды ресми ақпаратта.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға сапары алдын ала хабарланған еді.
Сондай-ақ 2026 жылғы 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Ыстықкөлде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні хабарланды. Бұл күндері онда судағы жарыстан Formula 1 H2O халықаралық әлем чемпионаты және ESCAPE FEST 2026 ауқымды музыка фестивалі өтеді. Осыған байланысты Ыстықкөлден ұшатын қазақстандықтарға әуежайға үш сағат бұрын келу ұсынылды.